KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген жиыны өтеді

Фото: pexels.com

23.06.2025, 09:30 248 Гульжан Мусина

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Оның айтуынша, жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы қатысады.

Кеңейтілген жиында құқық қорғау саласындағы түйткілді мәселелер мен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресті күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстардың тиімділігі сөз болады деп күтілуде.

Айта кетейік, дәл осы күні Қазақстанда ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Қазақстан полициясы күні атап өтіледі. Бұл – тәртіп сақшыларына көрсетілетін құрмет пен қоғам тыныштығын қорғаудағы еңбектерін мойындаудың белгісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу