KZ
Өскемен
-15°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Жолда абай болайық: полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады

polisia.kz
polisia.kz
22.07.2025, 13:30 236 Төлеуғазы Жансая

Күн қатты ысуы – жолда жүруді де қиындатып жатыр. Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерге жолда аса мұқият болуға кеңес береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақмола облысының тәртіп сақшылары Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар және Астана – Қабанбай батыр – Теміртау бағыттарында рейд ұйымдастырып, көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік жайлы түсіндіріп жүр.

– Егер жолда келе жатып шаршау немесе ұйқы қысып бара жатса, рөлде отыра бермей, тоқтап демалған жөн. Жолаушы да, жүргізуші де – ең алдымен адам. Адам өмірі бәрінен қымбат. Сол себепті жүргізушілерге салқындап алу үшін су ұсынып жатырмыз, – дейді патрульдік полиция қызметінің взвод командирі Айбек Төлеубаев.

Полицейлер алыс жолға шықпас бұрын көлік жағдайын міндетті түрде тексеріп алуға кеңес береді. Сондай-ақ жолда рөлге отырған әр жүргізуші өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапты екенін ұмытпағаны жөн.

– Құрметті жүргізушілер, сіздерді үйде отбасыңыз күтіп отыр. Сондықтан жолда асықпаңыздар, шаршасаңыз – тоқтап тынығыңыз. Полиция сіздермен бірге, – дейді Айбек Төлеубаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу