KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
495.95 524.37 4.98

Тәртіп сақшылары мен ақ халаттылар рейдке шықты – ШҚО

13.07.2023, 12:16 149 Ләззат Қанатқызы

Полицейлер жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге облыс аумағындағы жолдарда рейд жүргізді.

Медицина қызметкерлері жүргізушілердің қан қысымын өлшеп, импульсті тексерді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүргізушілерге қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін ауыр жағдайда немесе шаршаңқы күйде, реакция мен зейінді нашарлататын дәрі-дәрмектер қолданғанда көлік тізгіндеуге тыйым салынған.

  Десе де бұл тыйымдарды елемейтін жүргізушілер көп. Оның салдары жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз, дейді тәртіп сақшылары.

Рейд қарапайым ғана ережелерді жүргізушілердің есіне салып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

 "Полицейлер жолда жүргізушілерді тоқтатып, денсаулығын тексеруді сұраса, жедел жәрдем қызметкерлері олардың қан қысымын өлшеп, импульсті тексерді", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу