KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 4 м/с, В
519.61 610.13 6.54

Қазақстандық оқушылар Физикадан халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды

26.07.2025, 18:00 371 Төлеуғазы Жансая

Қазақстандық жас физиктер Францияда өткен халықаралық білім бәйгесінде ел абыройын асқақтатты. Палезо қаласында ұйымдастырылған Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad – IPhO-2025) еліміздің құрама командасы екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы сайысқа әлемнің 90 елінен 400-ден астам дарынды оқушы қатысты. Олардың қатарында болған қазақстандық оқушылар білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Жеңімпаздар:

  • Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы (күміс медаль)
  • Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы (күміс медаль)
  • Әмір Пшенбаев – Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы (қола медаль)
  • Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы (қола медаль)
  • Артур Ким – Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы (қола медаль)

Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері – PhD докторы, Сүлеймен Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

IPhO – әлемдегі ең беделді пәндік жарыстардың бірі. Бұл олимпиада алғаш рет 1967 жылы өткізілген. Қазақстан аталған зияткерлік сайысқа 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама ондаған медаль жеңіп, ғылыми дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеп жүр.

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз. Қазақстанның білім саласы осындай табыстармен алға жылжи береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу