Су жағасындағы қауіпсіздік: елімізде профилактикалық рейдтер жүргізілуде
Шомылу маусымы қызған тұста еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтер жалғасып жатыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері су жағасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Рейд барысында жаға бойында демалып жүрген тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, қараусыз жүрген балалар мен жасөспірімдерге ерекше назар аударылып отыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға және халықтың судағы қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Фото: Қорғаныс министрлігі


