Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадада ел абыройын қорғауға бел байлады
Фото: Jack Guez/AFP via Getty Images
Осыдан тура бір жыл бұрын Париж Олимпиадасында ел қоржынына алтын жүлде салған дзюдошы Елдос Сметов тарихи жеңісіне орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олимпиада чемпионы өз жазбасында бұл жеңістің артында маңдай тер мен үлкен еңбек жатқанын, сондай-ақ бұл жетістікке жету үшін көптеген құрбандықтарға барғанын атап өтті.
Спортшы жеңіске жету жолында өзіне және отбасына уақыт бөле алмаған сәттерді еске алып, бүгінде сол олқылықтардың орнын толтырып келе жатқанын жеткізді.
Елдос Сметов өзінің болашақ жоспарымен де бөлісті. Айтуынша, ендігі мақсат – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиадада тағы да ел үмітін ақтау.
Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстанның ең үздік дзюдошыларының бірі. Ол – Олимпиада ойындарының толық жиынтықтағы жүлдегері: күміс (Рио 2016), қола (Токио 2020) және алтын (Париж 2024).