KZ
Өскемен
-21°
туман Штиль
507.05 594.82 6.51

Жергілікті бюджет есебінен жұмыссыздар сақтандырылатын болды

pixabay.com

7.08.2025, 16:30 275 Жанаргүл Көкенайқызы

Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыз азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысуы үшін жарналар жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл шара МӘМС жүйесіне қатысушылар қатарын арттырып, медициналық көмектің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазір шамамен 16,7 миллион адам сақтандырылған, бұл – халықтың 82,3 пайызы. Олардың 12,1 миллионы жеңілдік санатына жатады. Ал 3,3 миллион адам жүйеден тыс қалып отыр. Оның ішінде 1 миллионнан астам азамат – табысы төмен, әлеуметтік тұрғыда осал топ өкілдері», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова.

Жаңа өзгерістерге сәйкес:

Табысы төмен, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар медициналық көмекке жүгінген кезде олардың жарналары жергілікті атқарушы органдар тарапынан төленеді.

Ресми тіркелген жұмыссыздардың да МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бұл халықаралық тәжірибеге сай келетін қадам болып отыр және азаматтардың қажетті медициналық қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрлік болжамынша, осы шаралар нәтижесінде 2026 жылы жүйеге шамамен 1 миллион жаңа қатысушы қосылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу