KZ
Өскемен
-6°
снег жел 4 м/с, ОБ
514.74 599.36 6.71

Ұлттық кітапханада Абайдың түпнұсқа қолжазбалары қойылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
11.08.2025, 18:30 271 Жанаргүл Көкенайқызы

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай сирек кездесетін басылымдар мен музыкалық мұралар көрмесі ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көрмеге 30-дан астам құнды кітап пен қолжазба қойылған. Соның ішінде 10-нан аса түпнұсқа еңбек бар. Ең бағалысы – 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген Абай шығармаларының алғашқы жинағы. Оны ақынның немере інісі Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағұл құрастырып, баспаға дайындаған. Араб қарпімен басылған бұл кітап мың данамен шыққан, бүгінде оның төртеуі ғана сақталған. Солардың бірі – Ұлттық кітапхана қорында.

Көрмеде сондай-ақ «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының қорынан Абайдың ерте шыққан басылымдары, көркем шығармалары мен музыкалық мұрасына қатысты материалдар ұсынылған. Мұнда 1905 жылы араб әріпімен жазылған ақынның қолжазбасы және әдеби хатшысы Мүрсейіт Бикеұлының «Абайдың шығармалары» атты еңбегі де бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу