KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, СШ
506.7 593.14 6.53

Елімізде аквашаруашылыққа арналған субсидиялау тетігі дайындалды

altainews.kz

19.08.2025, 13:00 819 Жанаргүл Көкенайқызы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құжат жобасында аквашаруашылық өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау тәртібі белгіленген.

Атап айтқанда, субсидиялау аясында:

  • аквашаруашылық нысандарын өсіру кезінде пайдаланылатын жем-шөп сатып алуға кеткен шығынның 30%-ы,
  • шабақтар, жөндеу-ана тұқымды балықтар мен аквашаруашылықта қолданылатын препараттарды сатып алуға кеткен шығынның 50%-ы,
  • сондай-ақ балық өсіру-биологиялық негіздемелерді әзірлеуге кеткен шығындар өтелмек.

Жобаны іске асыру сапалы балық өнімдерін тұрақты өндіруге, олардың өзіндік құнын төмендетуге, саланың кәсіпорындарының экономикалық тұрақтылығын арттыруға және Қазақстандағы аквашаруашылықтың тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу