Қазақстанда аквамәдениет туралы заң пайда болады
Фото: gov.kz
ҚР Парлаенті Мәжілісіне «Аквамәдениет туралы» заң жобасы енгізілді. Онда балық аулауды және өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін қосымша құн салығын төмендету ұсынылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Балық өңдеу кәсіпорындарын қолдау және оларды шикізатпен қамтамасыз ету үшін өңделмеген балық экспортын шектеу мәселелері пысықталды.
Заң жобасында балық шаруашылығын жүргізуді жеңілдету және әкімшілік кедергілерді жою бойынша бірқатар өзгерістер қарастырылған.
Атап айтқанда, биологиялық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы алып тастау және су айдындарын қайта бекіту рәсімдерін жою; жергілікті маңызы бар су айдындарында 3 жылда 1 рет ғылыми зерттеулер жүргізу; конкурссыз инвестициялық жобаларды іске асыру үшін су айдындарын бекіту;
су қорғау белдеуінде балық өсіру шаруашылықтарына қызмет көрсету объектілерін салуға рұқсат беру; бекітілген су айдынына іргелес жерлерді балық өсіру объектілерін орналастыру үшін конкурстық рәсімдерсіз беру көзделген.