KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 5 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Aitu ұлттық мессенджерін қолдана бастады

gov.kz
gov.kz
21.08.2025, 12:00 211 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік байланыс үшін Aitu ұлттық мессенджерін енгізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Суперқосымшаны пайдалану қызметкерлерге ақпаратпен жылдам алмасуға және күнделікті жұмыста іс-қимылды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

«112 KZ ресми Aitu арнасы құрылды, онда ведомствоның қызметі туралы жаңалықтар, ескертулер мен материалдар жарияланатын болады. Бұл мессенджер қолданушыларына құтқару қызметтерінен тікелей сенімді ақпарат алуға жол ашады»,- деп ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева атап өтті.

Aitu-ды қолдану ТЖМ цифрлық трансформациясындағы маңызды қадам болып, қоғамның мемлекеттік онлайн-қызметтерге деген сенімін нығайтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу