KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Жолаушылар пойыздарында 140 заңбұзушылық тіркелді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

25.08.2025, 18:00 234 Төлеуғазы Жансая

«Жолаушылар тасымалы» АҚ арнайы комиссиялары жолаушылар пойыздарында күнделікті рейдтік тексерістер жүргізіп келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мақсат – теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және алдын алу.

Жаз маусымы басталғалы комиссия шамамен 140 ереже бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде билетсіз жол жүрудің 6 дерегі және рәсімделмеген 135 килограмм багаж тасымалдау фактілері бар.

Билетсіз жол жүру жағдайлары «Алматы — Жезқазған», «Қызылорда — Семей», «Өскемен — Алматы», «Астана — Жезқазған», «Ақтоғай — Аягөз» және «Астана — Көкшетау» бағыттардағы пойыздарда анықталды.

Тексеріс қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Рейдтер жүйелі түрде барлық бағыттарда жалғаса береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу