KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1 м/с, С
503.9 603.32 6.61

2029 жылға қарай Қазақстандағы жүк тасымалы көлемі екі есеге артпақ

stock.adobe.com

15.09.2025, 17:30 253 Төлеуғазы Жансая

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру аясында елде көлік-логистика саласын дамытуға басымдық берілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, 2029 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалы көлемі екі есеге өседі деп жоспарланып отыр.

— Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту үшін мықты инфрақұрылымдық негіз қалыптастыру қажет. Осы мақсатта «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желісі, «Сексеуіл-Бейнеу» автомобиль жолы және басқа да маңызды жобалар жүзеге асырылады, — деді ол.

2026 жылға дейін Smart Cargo деп аталатын бірыңғай цифрлық жүйе енгізіледі. Ол кедендік және логистикалық қызметтерді толық автоматтандырып, тасымалдарды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚТЖ базасында ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы құрылады.

Бұл шаралардың нәтижесінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі маңызды транзиттік дәліз ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық жүк тасымалы нарығындағы үлесін арттырмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу