Қазан айында ШҚО-да халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді
9-11 қазан аралығында Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында құсбегіліктен халықаралық турнир – «Шығыс салбурыны 2025» ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден келген құсбегілер қатысып, қыран құстардың алғырлығын сынға салады. Жарыс барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық өнері мен салт-дәстүрі кеңінен насихатталмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир құсбегілер арасындағы шеберлікті ғана емес, жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруды да көздейді.
Оқи отырыңыз



