ШҚО драма театры аудандардағы көрерменімен қауышады
Фото: Ынтымақ Толқын
ШҚО драма театры сәуір айында гастрольдік сапарға аттанбақ. Театр әртістері бірінші кезекте аудандарға табан тірейді.
Сапар аясында аудандардағы көрермендер «Қара пима» драмасын тамашалай алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
11-16 сәуір аралығында театрдың қазақ труппасы Тарбағатай, Күршім, Зайсан, Катонқарағай, Самар аудандарын аралап, өнер көрсетеді. Өнерпаздар осы сапарға Ұлықбек Есдәулеттің «Қара пима» психологиялық драмасын дайындаған.
Гастрольдік сапар кестесін ұсынамыз :
- 11 сәуір 12.00 – Самар аудандық мәдениет үйі;
- 12 сәуір 11.00 – Ақжар ауылдық мәдениет үйі;
- 12 сәуір 18.30 – Зайсан аудандық мәдениет үйі;
- 13 сәуір 14.00 – Марқакөл ауылдық мәдениет үйі;
- 14 сәуір 11.00 – Күршім аудандық мәдениет үйі;
- 15 сәуір 11.00 – Катонқарағай ауылдық мәдениет үйі;
- 15 сәуір 18.00 – Үлкен Нарын аудандық мәдениет үйі.