Психологтарға арналған облыстық вебинар ұйымдастырылды – ШҚО
Фото: Шартты сурет
Облыстық білім басқармасы білім беру мекемелері психологтарының кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша шараларды жүйелі түрде атқарады.
24 мамыр күні балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша кезекті шеберлік сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қатысушылар оқу орындарындағы педагог-психологтың рөлін нығайту және консультативтік дағдыларды арттыру бойынша пәрменді құралдарды игеріп, ата-аналардың балаларды қолдау қабілеттерін нығайту бойынша білім алды.
Педагог-психологтар қауіп факторларын, суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау бойынша практикалық дағдысын жетілдірді. Шараға жалпы 200 психолог қатысқан.