KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Екпеден бас тарту дерегі 3 есе артқан – ШҚО

Фото: egemen.kz

21.06.2023, 10:31 221

Облыста халықты екпемен қамтудың арқасында дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиялық паротит, қызылша, В вирустық гепатиті, полиомиелит, туберкулез, гемофильді инфекция сияқты инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне қол жетті.

Биылғы 5 айда екпеден бас тарту 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе артқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті екпеден бас тарту бойынша дерек ұсынған.

  "Профилактикалық екпелермен қамтуды бақылау мақсатында екпелерден бас тарту себептері есепке алынып, оған талдау жүргізіледі. Облыс бойынша 2023 жылдың 5 айында облыстың 9 аумағында екпеден бас тартудың 78 дерегі тіркелген. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (26 бас тарту жағдайы) бас тарту жағдайларының 3 есеге немесе 52 фактіге өсуі байқалады", – деп жазылған хабарламада.

Департамен қай өңірде бас тартушылардың үлес салмағы көп екенін де жариялаған.

– Бас тартудың ең үлкен үлес салмағы – Өскемен қаласында 29,5%, Күршім ауданында 26,9%, Глубокое ауданында 15,3%. Жас аралықтары бойынша 1 жасқа дейін – 57,7%, 1-2 жас – 21,8%, 2-5 жас – 16,7%, 6-15 жас – 3,8% бас тартқан. Негізінен, бас тартудың себептерінің арасында жеке сенімдер бойынша – 69,9%, екпеге сенімсіздіктен – 17,9%. Облыс аумағында 2023 жылдың 5 айы бойынша иммунизация жүргізілгеннен кейін қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ", – деп жазылған.
 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив