KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Жас өлкетанушылардың республикалық форумы өтті

Фото: egemen.kz

23.06.2023, 11:56 199

8-9 маусым аралығында қашықтан «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтті.

Форумға республикадағы мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сайыста облыс намысын облыстық, аудандық және қалалық форумдарда жеңімпаз атанған 9 оқушы қорғады.

Қорытынды бойынша Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Айгерім Қасейінқызы «Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға ие болса, Күршім ауданының Ю.А.Гагарин атындағы №1 орта мектебінің оқушысы Алина Осипова «Zhasyl El» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.

 

                 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив