KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қаланың ішінде форель аулауға болады - Өскемен

12.11.2019, 04:17 240

Өскемендегі Сол жағалау саябағында балық аулауға арналған тоғандар салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Балық аулауға арналған арнайы пирстер қазан айынан бастап жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, жағада бірнеше жылы күрке де бар. Адамдар емін-еркін келіп, балық аулай алады, – дейді «АШ-1» ЖШС басшысы Төлеген Арапов.

Жағаға өту теген, алайда балық аулау ақылы. Т.Араповтың айтуынша, ауланған балықтың салмағына қарай құны төленуі тиіс. Мәселен бір келі форель ауласаңыз 2 500 теңге төлейсіз.

Айта кету керек, саябақтағы су қоймасында форель өздігінен көбеймейді. Сол себепті суға 400 келі балық жіберілген екен. Сондай-ақ балық қоры уақтылы толықтырылып отырады.

– Кешеннің жұмысын жақсарту мақсатында форель шаруашылығымен келісімшарт жасастық. Олар өз қызметтерін ұсынады. Алдағы уақытта балық аулау алаңдарының сервисін жетілдіріп, халыққа ыңғайлы етуді көздеп отырмыз, – дейді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Арсен Тен.

Демек, қала тұрғындары Сол жағалауға барып, жыл бойы балық аулай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу