KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелген

Фото: egemen.kz

11.08.2023, 09:55 281

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті.

Дерекке сүйенсек, өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелген өңірлердің қатарында ШҚО да бар, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 19 899 377 адамның 12 317 671-і – қалада, 7 581 706-сы ауылда тұрады.

Халықтың жалпы санының 48,8% – ерлер, 51,2% әйелдер құрайды.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы – ұл, 91,5 мыңы – қыз.

Туу көрсеткіші жоғары өңірлер: Маңғыстау мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.

Бірінші жартыжылдықта елімізде 63,6 мың адам қайтыс болған. Жарты жылдағы халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Аталып өткендей, бұл жағдай осы өңірлерде қариялардың көп болуымен байланысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу