Алдағы күндері күн райы қандай болады?
Фото: egemen.kz
«Қазгидромет» РМК 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасы одан әрі төмендейді. Әсіресе ауа температурасының төмендегені республиканың солтүстігінде байқалады. Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Сонымен қатар ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.