KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ШҚО-да ауа температурасы қайта төмендейді

Фото: azattyq-ruhy.kz

23.08.2023, 14:29 221 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК 24-26 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның төмендеуі және жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Найзағай ойнап, жауын-шашын, бұршақ жаууы мүмкін. ШҚО-да ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін, дейді синоптиктер.

Болжамға сәйкес, тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді және ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу