ҚАЖД-ға қарасты мекемеде мерекелік шара ұйымдастырылды – ШҚО

Фото: egemen.kz
ШҚО-да сотталған азаматтар үшін Конституция күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Конституциясы күніне орай ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №24 мекемесінде мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мекеменің тәрбие бөлімі жазасын өтеп жатқан тұлғаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сотталған азаматтар мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, мерекелік мәдени шараларға белсене қатысады.
– Әр мереке сайын мерекелік іс-шаралар, спорттық шаралар, викторина тәрізді мәдени шараларды өткіземіз. Ал бүгінгі іс-шараға Өскемен қаласының әртістерін шақырып, сотталғандарға арнап мерекелік кеш ұйымдастырдық. Жазасын өтеп жатқан азаматтар да іс-шараға атсалысып, ән шырқады. Біздің басты мақсатымыз – сотталғандардың қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне көмектесу, – деді тәрбие бөлімінің бастығы Рустам Сейтказинов.
Оқи отырыңыз