KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Биыл су айдындарында жазатайым жағдайлардың саны азайған – ШҚО

Фото: gov.kz

15.09.2023, 10:17 248

ШҚО ТЖД мамандары биылғы шомылу маусымында қаза тапқандар саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15%-ға азайғанын жеткізді.

Құтқарушылар жазғы кезеңде суға батып бара жатқан 14 адамды құтқарған, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ТЖД-ның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін кең ауқымды жұмыс жүргізді. Осы мақсатта 304 тыйым салу белгісі мен 24 баннер орнатылды. Сонымен қатар, құтқарушылар полицейлермен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп 4400-ден астам рейд және патрульдеу жүмысын жүргізді. Рейд барысында ӘҚБтК 364, 412, 440-баптары бойынша 126 адам жауапқа тартылды.

Биыл Риддер қаласындағы Журавлиха өзенінің жағалауында арнайы жағажай ашылды. Алайда, өңірдегі шомылуға арналған 22 учаскенің 8-і ғана қауіпсіздік ережесіне сай жабдықталған.

Алтай ауданындағы 2 жағажайды, Катонқарағай ауданындағы 1 жағажайды, Самар ауданындағы 8 жағажайды жабдықтау мәселесі шешілмеген күйде қалып отыр. Ұлан ауданындағы 9 орынның 1-і жабдықталған, 4 жеке жағажай, 4 жағажай жабдықталмаған.  Облыста шомылуға тыйым салынған 78 орын және шағын кемемен және басқа да жүзу құралдарымен жүзуге тыйым салынған 28 орын бар.

Биыл аймақта 6 адам суға батып кетті. Деректің бәрі жабдықталмаған жағажайларда тіркелген. Дәлірек айтқанда, Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті.

Қазіргі уақытта аймақта су айдындарында демалу, балық аулау маусымы жалғасып жатыр.

              

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив