KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі аурулар тізіміне қайтарылды

20.09.2023, 09:30 372

Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша «Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозы аурулар тізіміне қайтарылды.

ШҚО-да тыныс алу жолдарының күйіп қалуының медициналық диагнозының қабылданбауы емдеуде көптеген проблемалар туғызды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл диагнозды қалпына келтіру қоршаған ортаға зиянды заттардың әсерін нақты бағалап, өңдеуші кәсіпорындарға қажетті ұсыным әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында облыста экологиялық жағдай мен жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру мәселесі талқыланды.
Департамент дерегінше, ластану мәселесі — облыстағы жемқорлық тәуекелдері картасының негізгі мәселесі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу