KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Бұқтырма арқылы өтетін көпірдің құрылысына қаржы уақтылы бөлініп жатыр – Н. Сақтағанов

1.11.2023, 20:10 217

Бұл жөнінде Күршім ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов айтты. 
Жиын барысында Күршім аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Нұрсовет Қайыров еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылыс қарқынына риза екенін жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– 2021 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы басталды. Мен оны ғасыр құрылысына балаймын. Күршім жұрты бұл көпірді бұрыннан күтіп жүр. Қуантарлығы, қазір жұмыстар қарқынды жүруде. Осы құрылыс уақытында аяқталса екен, – деп тілегін білдірді ақсақал. 

Нысан аяқталған соң бүгінде пароммен қатынап жүрген күршімдіктердің ғана емес, бүкіл өңір жұртшылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайына, тыныс-тіршілігіне оң әсер ететіні сөзсіз. 
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құрылысқа қажет қаржының уақтылы әрі толық көлемде бөлініп жатқанын айтып, көпірдің кестеге сай, яғни 2024 жылы аяқталатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу