KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Ұлан ауданының ауылында медициналық пункт ел игілігіне берілді

Фото: Тілеубек Шаяхмет
Фото: Тілеубек Шаяхмет
17.11.2023, 12:00 301 Ләззат Қанатқызы

Ұлан ауданына қарасты ауылдардың бірінде медициналық пункт ел игілігіне берілді.

Казачье ауылында бой көтерген медициналық мекеменің салтанатты ашылуына ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник пен ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Емдеу орнында науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Әзірге мұнда үш қызметкер жұмыс істейді.

- Халқымыздың денсаулығы – біз үшін өте маңызды. Сол себепті Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Әсіресе ауылды жерлерде медицина мекемесін салуды қолға алғанбыз. Елімізде 650 медицина мекемесін салу жоспарланған. Бүгінде халық сол жұмыстың нәтижесін көріп жатыр. Сондай-ақ сапалы қызмет көрсету үшін білікті мамандарды тартатын боламыз. Бұл жұмыстар әлі де жалғаса бермек, - деп атап өтті вице-министр. 

Бүгін Казачье ауылында той, тұрғындар бөркін аспанға атып қуанып жатыр. Себебі бұған дейін мұнда медицина мекемесі болмаған. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуын халық көптен күтті.

– Ауылымызда 300-ге жуық тұрғын бар. Бұған дейін 2-3 шақырым жердегі Герасимовкаға барып дәрігерге қаралатынбыз. Көлік болмағанда жаяу қатынаймыз. Енді алысқа бармай өз ауылымызда медициналық көмек аламыз. Ауыл халықының жағдайына ерекше көңіл бөліп жатқаны қуантады, - дейді ауыл тұрғыны Рауза Оразаева.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 300-ге тарта медицина мекемесінің құрылысы жүргізіліп жатыр, соның бесеуі осы Ұлан ауданында салынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу