KZ
Өскемен
+8°
сильный дождь жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-ның жас ғалымдары суды тазартудың тың технологиясын таныстырды

Фото: Анель Абзалбекова
Фото: Анель Абзалбекова
24.11.2023, 12:45 265 Оразай Жеңісұлы

Су ресурстарын тазарту елімізде ғана емес, халықаралық кеңістікте зор маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы өзекті мәселе болып қала беретінін атап өткен.

 

Бүгін ШҚО-да C.Аманжолов атындағы университеттің жас ғалымдары облыс әкімі Ермек Көшербаевқа суды тазартуға арналған композициялық сүзгі материалдарын өндіру технологиясын таныстырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

ЖОО ғалымдары дәл осы жоба арқылы 338 млн теңге грант ұтып алған.

 

Жоба бойынша ғалымдар суды тазартуға арналған сүзу жүйелерін өндіру технологиясын әзірледі. Бұл технология графен оксидіне, табиғи бентониттермен модификацияланған көміртекті материалдар мен биополимерлерге негізделген.

 

Мамандардың жеке серіктесі — "Bolashak Energy Group" ЖШС.

 

Облыс әкімі жас ғалымдардың тың технологиясын өңірде сынап көруді ұсынды.

 

— Өңірдің шалғайдағы аудандарын ауызсумен қамту - өзекті мәселе. Жауапты басқармаға бұл жұмысты келер жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырдым. Ондағы мамандар жас ғалымдардың осы технологиясын бір ауданда сынап көрсін. Нәтижеге қарай қалай жұмыс істейтініміз белгілі болады, - деді Ермек Көшербаев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив