Шығыстың жастарының ғылымға қызығушылығы мол
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғылыми қызметімен танысты.
Жоғары оқу орнының жас ғалымдары аймақ басшысына ара шаруашылығы өнімдерін дамыту технологиясын және жоғары молекулалық полиэтилен негізіндегі қажалуға төзімді композиттік материал патентін таныстырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Осы орайда облыс әкімі өңірдегі білікті мамандардың бал араларын молекулалық-генетикалық деңгейде сараптаумен айналысатын Башқұртстандағы әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Ара тұқымын селекциялау және асылдандыру жұмысы бүгінде зор маңызға ие. Өңір басшысы бұл мәселеге жас ғалымдар да қызығушылық танытып, үдерістен қалмай соңғы жаңалықтарды сараптап отыруға тиіс екенін айтты.