KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жасартатын әсері бар жақпа өндірісінің технологиясы әзірленді

12.02.2023, 14:15 408 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның студенттері жасартатын әсері бар жақпа өндірісінің технологиясын әзірледі. Мұндай өнім Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері аталық аралардың гомогенаты қосылған жақпа өндірісінің технологиясын ұсынды. Ғылыми жұмыстың мақсаты – адам терісін нәрлендіруге және жасартуға ықпал ететін аталық аралардың гомогенаты пайдаланылған жақпаны әзірлеу, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ерекше жобаның авторлары - «Орман ресурстары» және «Биология» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері Дарья Жукова мен Оразалы Сәбитов.

Арнайы жақпа өнімнің құрамына кіретін липидтер, аминқышқылдары, сүт, алма, янтарь қышқылы және эфирлердің арқасында пайдалы заттарға өте бай.

- Біз профилактикалық және емдік жақпа өндіруді жоспарлап отырмыз. Оның негізі – прополис. Қыздыру арқылы қоспа қажетті қоюлыққа жеткізіледі. Кейін гомогенат арнайы ереже бойынша қосылады. Өнім қолжетімділігі және тиімділігімен қызықтырады деген сенімдеміз. Терінің солуы, күйік шалу және т.б. теріге қандай да зақым келген кезде емдеу үшін қолдану керек, - дейді жас ғалымдар.

Жоба бастапқы кезеңінде-ақ, үлкен қызығушылық тудырып отыр. Өйткені, мұндай өнім Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу