KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Ұландықтар биогаз технологиясын игерді

16.04.2013, 18:00 160


Ұлан ауданы, Привольное ауылындағы «Багратион» шаруа қожалығы мал тезегінен биогаз шығару өндірісін игерді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шаруашылық мамандары екі жылдың ішінде қондырғыларды орнатып, биогаз технологиясын игерді. Василий Воропайдың шаруа қожалығы біздің облыстағы алғашқы биогаз құрылғысын іске қосты.

Бұл технология бойынша күніне 10 тонна қи-тезек қорытылып, газ өндірілуде. Қыста бұл шаруашылық өзінің машина-трактор шеберханасы мен диірменін жылыту үшін биогаз құрылғылары арқылы алынған газ-көгілдір отынды қолданды. Ал одан қалған қалдық егіс алқаптарында органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Шаруашылықта бір мыңнан астам ірі қара малы бар. Мал қоралар маңында көп мөлшерде жиналатын қиды әрі қарай тезірек өңдеу ісі жақсы жолға қойылды. Бір ірі қара малдан бір жылда 9 тонна тезек шығады. Тезекті өңдеген кезде 60 пайызы газға айналады. Шаруа қожалығы сондай-ақ, түйе, жылқы, марал өсіріп жатыр. Демек газ өндіретін шикізат қоры да жеткілікті.

Шалғайдағы шаруашылықта биогаз технологиясын қолдану тиімді болып отыр. Фермер екі бірдей құрылымды жы-лыту мәселесін осылайша шешіп алды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив