Жастарға патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен қоғамдық бірлестік
Сурет автордікі
ШҚО-да бүгін «Германиядағы кеңес әскерінің тобы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ардагерлер форумы өтті.
Бұл шараға Германия, Венгрия, Чехословакия, Вьетнам, Тәжікістан, Чернобыль апатына қатысқан, Семей ядролық полигонында қызмет еткен және тағы басқа Кеңес Одағы тұсында әр түрлі әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өскемен қалалық бірлестігі өзінің бекітілген жарғысы мен жоспарына сәйкес жұмыс істейді. Мәселен, Ахмер әскери бөліміндегі жас сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне қатысып, мектептер мен жоғары оқу орындарының жастарымен кездеседі. Патриоттық тақырыптағы сынып сағаттарында жастарға Отан алдындағы әскери борышын өтеудің маңыздылығын түсіндіріп, сонымен қатар бірлестіктегі ардагерлердің жол жүру ақысына, коммуналдық төлемдеріне қандай да бір жеңілдіктер қарастырылса деген ұсыныстарын жеткізеді.
Автор: Айжанат Бақытқызы