KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Ит жүгіртіп, құс салды баурайында Қалбаның (фоторепортаж)

Фото: Тілеубек Шаяхмет

28.11.2023, 16:27 9 376 Мадина Амангелдіқызы

Құмай жүгіртіп, құс салу — ата-бабамыздан аманат болып қалған асыл өнер. 

 

Осы дәстүрді әлі күнге сақтап келе жатқандар бар. Түз тағысының тілін тапқан құсбегілер Ұлан ауданы Бозанбай ауылының іргесіндегі Бүркіттөбеде қыранының бабын, тазысының бағын сынға салды. «Шығыс салбурыны – 2023» халықаралық бүркітшілер фестивалінің қызықты сәттерінен түсірілген фотосуреттермен бөлісуді жөн көрдік.


 

Екі күнге созылған дүбірлі думанға Моңғолия, Қытай, Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен құсбегілер жиналды. 


 

 


Фестивальда аң аулап, сұңқар салудан ғана емес, тазы жүгіртіп, асау атты үйрететін жігіттердің де шеберлігі сыналды.



 

 


Биылғы салбурынға 70-тен астам бүркіт, 30-дан астам сұңқар мен қаршыға, 30-дан астам тазы сайысқа түсті. 



 

 


Асау үйретіп, ат баптау да - үлкен өнер.


 

 


Садақ ату өнері де әр қазақтың қанында бар.



 

 


Бүркітті қайырып, қолға қондырудың өзі қаншалықты күш-жігер еңбекті талап етеді.




 

Қыран құстың асқақтығы мен тектілігі - біздің халықтың бойына сіңген қасиет.


 


 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу