KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
475.18 510.72 5.47

ШҚО-ға көшіп келетін қандастар негізінен қайта құрылатын аудандарға қоныстандырылады

Фото: r-factor.kz

11.12.2023, 13:30 182 ALTAINEWS

Аймаққа көшіп келетін қандастар мен қоныс аударушыларды біркелкі қоныстандыру мақсатында 2024 жылға арналған елді мекендердің тізбесі бекітіліп жатыр.

 

Тізім жыл соңына дейін бекітілмек. Бұл ретте, жұмыс күші артылып отырған өңірлерден көшіп келушілер мен шет елдерден келетін қандастарды қайта құрылатын Катонқарағай және Марқакөл шекаралас аудандарына қоныстандыруға басымдық беріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өңірге көшіп келіп жатқан қандастардың көбі Ұлан, Зайсан аудандарына қоныстанатын. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары келер жылы Ұлан ауданына қоныстануға шектеу қойылуы мүмкін екенін айтады.

 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысына 544 адам қабылдау жоспарланған, қазір олардың барлығы көшірілген. Оның 239-ы – қандас, 305-і – қоныс аударушы.

 

Облысқа Алматы облысынан 81 адам (28 отбасы), Түркістан облысынан 86 адам (25 отбасы), Жамбыл облысынан 24 адам (8 отбасы), Шымкент қаласынан 16 адам (6 отбасы), Алматы қаласынан 28 адам (12 отбасы), Астана қаласынан 23 адам (8 отбасы), Қызылорда облысынан 34 адам  (8 отбасы), Жетісу облысынан 13 адам (6 отбасы) көшіп келді.

Қандастар қатарынан облысқа 239 адам (77 отбасы) көшіп келді, оның ішінде Қытайдан - 32 адам (13 отбасы), Моңғолиядан - 202 адам (59 отбасы), Ресейден - 4 адам, Өзбекстаннан - 1 адам.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив