KZ
Өскемен
+4°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
488.26 530.54 5.03

ШҚО-да туризм саласындағы үздік кәсіпкерлер марапатталды

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
28.12.2023, 15:33 649

ШҚО-да туризм саласындағы «Жылдың үздік кәсіпкерлері-2023» байқауының қорытындысы шығарылды.

 

Салтанатты шарада демалушыларға жайлы жағдай жасай отырып сапалы қызмет көрсетіп жатқан өңірдегі үздік туристік базалар мен курорт, демалыс үйлерінің иелеріне облыс әкімінің марапаттары мен құттықтау грамоталары табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Үздік кәсіпкерлерді марапаттаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов туризм саласындағы кәсіпкерлердің ауыр да қызықты жұмыстарын жоғары бағалап, аймақтың туристік әлеуетін арттыруда оларға қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді. Шығыс Қазақстанның тамаша, көркем табиғатына шетелдіктер мен отандастарымызды тартып, тамсандыртып жатқан, өңірдің өркендеп, төрткүл дүниеге танылуына өзіндік үлестерін қосып жатқан іскер жерлестеріміздің кәсібіне жаңа табыстар тіледі.

 

Шығыстың туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан «Бес жұлдыз» ЖШС директоры, «ГастротурШҚО» туристік фирмасының басшысы Мұхтар Тойбазаров, «Meloman Travel» туристік фирмасының иесі Александр Дериглазов, «Алтай Альпісі», «Изумрудный» шипажайының басшысы Александр Чиликин,  «Шале ла Бале» демалыс базасы мен  «The Forest» мейрамханасының басшысы Айдос Бақтыбаев, «Вояж - Алтайский Казахстан» туристік агенттігінің басшысы Ирина Клиновицкая, Катонқарағай ауданындағы «Мұзтау» ЖШС, «Приморск» демалыс базасының басшысы Жанболат Қазанов, «Лаванда» демалыс базасының басшысы Рустам Адамов, «Катонқарағай бұғы паркі» пантамен емдеу орнының басшысы Сәбит Тоқтаров, «Altay OutWear» демалыс киімдері өндірісінің иесі Саят Шаяхметов, Глубокое ауданындағы «Global Invest International» бал-шырын өнімдері өндірісінің иесі Алмас Сетербаев және тағы да 20-дан астам кәсіпкерге облыс әкімінің марапаты табыс етілді.

 

– Жаңа жылдан бастап қызмет көрсету деңгейіміз де жаңаша болмақ, еуропалық сапада қызмет көрсететін жаңа отель аштық. 8 желтоқсанда 24 орындық жаңа отель пайдалануға берілді. Қалада жаңбыр, ал бізде қар! Жуықта ғана Германиядан 15 турист келіп, ертегідегідей ақ қарлы, тұп-тұнық тау ауасымен тынығып, демалып қайтты, - дейді «Алтай Альпісі» және «Изумрудный» шипажайының иесі Александр Чиликин.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив