KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Қызылшаның алдын алу шаралары жалғасып жатыр – ШҚО

Фото: bbc.com

29.12.2023, 23:39 114 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қызылша ауруның алдын алу мақсатында екпе егілудің маңызы зор. Ел көлемінде қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстары жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасындағы мәлімет бойынша, 608 мыңнан астам адамға қызылшаға қарсы екпе салынған.

 

Денсаулық сақтау министрлігің мәліметінше, еліміз бойынша жалпы саны 1,5 млн адам қызылшаға қарсы екпе алуы керек. Бұл шара Шығыс Қазақcтан облысының өңірлерінде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

– Зайсан аудандық санитарлық эпидемиологиялық бөлімінің маманы А.Ахметова Жамбыл атындағы орта мектебінің ата-аналары жиналысында қызылша жұқпасының белгілері, алдын алудағы екпенің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қосымша жаппай иммундау аясында қызылшаға қарсы вакцина алуға, 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы 2 екпе болмаған кезде, профилактикалық екпе егуге кеңес берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив