Оңалту қызметі - денсаулық сақтау саласындағы басым бағыт
Былтыр сегіз мыңға жуық шығысқазақстандық оңалтудан өтті. Осы мақсатқа ШҚО бойынша медициналық сақтандыру қорының филиалы 900 млн теңге бөлді.
Науқастар жарақаттар мен ортопедиялық операциялардан кейін неврологиялық / нейрохирургиялық, кардиологиялық/кардиохирургиялық бейіндегі оңалтудан өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Диагнозға және жағдайдың ауырлығына байланысты пациенттерге оңалту облыстық оңалту орталығының тәулік бойы немесе күндізгі стационарында немесе емханада жүргізілді.
Орталық мамандары пациенттер үшін физикалық денсаулықты ғана емес, моральдық жағдайды да жақсарту маңызды екенін атап өтті.
- Емханалар деңгейінде жағдай жасау, жабдық сатып алу, мамандарды оқыту – пациенттердің амбулаториялық оңалтудан өтуі үшін өте маңызды. Негізгі міндет-оңалту іс-шаралары жүйесінің медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде, оның ішінде МСАК деңгейінде тиімді жұмыс істеуі. Бұл өте маңызды, өйткені қалпына келтіру процесі қалай өтетіні, рецидивтер бола ма, жұмыс қабілеттілігі қалпына келе ме, осының барлығы оңалтуды дер кезінде өтуге байланысты, – дейді облыстың штаттан тыс бас реабилитологы Толқын Секеева.
Бас реабилитологтың түсіндіруінше, оңалтуға жолдаманы көрсетілімдер болған кезде тіркелген жері бойынша емханада дәрігер жазып береді. 2024 жылы оңалту қызметі, оның өңір халқы үшін қолжетімділігі денсаулық сақтау басқармасының жұмысында басым бағытта қала береді.