ШҚО-да өткен жылы 8 мыңға жуық тұрғын медициналық оңалтудан өтті
Фото: opennews.kz
Өткен 2023 жылы Медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстандағы филиалы оңалту еміне 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлген.
Науқастар жарақаттар мен ортопедиялық операциялардан кейін неврология, нейрохирургия, кардиология, кардиохирургия бойынша оңалтудан өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Орталық мамандары емделушілер үшін олардың физикалық денсаулығын ғана емес, моральдық күйін де жақсарту маңызды екенін атап өтті.
Мәселен, өскемендік тұрғын Татьяна Ілиясова өткен жылдың соңында жарақат алғандықтан тұрақты түрде оңалту курстарынан өту ұсынылған. Әрбір курс кемінде 10 күнге созылады және арнайы жабдықтар қолдану арқылы(физио, механикалық), массаж, жаттығу терапиясын және басқа процедураларды қамтиды. Осы орайды оңалту орталығының психологтары науқасқа өз қорқынышын жеңуге көмектесті.
Көрсеткіштер болған кезде оңалтуға жолдаманы тұрғылықты жері бойынша тіркелген емхана дәрігері береді.