Ауыл тұрғындарына еуропалық ең озық аппаратпен ота жасайды - ШҚО
Фото: helios-international.com
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының ауданаралық ауруханасына жыл басында замануи медициналық «Karl Storz» бейнеэндоскопиялық кешені сатып алынған болатын.
Осы уақыт аралығында кешеннің көмегімен 24 лапароскопиялық ота жасалды. Енді Алтай, Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандары, сондай-ақ Серебрянка қаласының тұрғындары да алысқа ат сабылтпай-ақ күрделі оталарды осында жасата алады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
64 жастағы Абай Дәулетбаев өтінде тас бар деген диагнозбен түскен екен.
Сондай-ақ алтайлық дәрігерлер Алексей есімді тағы бір науқастың соқырішегін лапароскопиялық жолмен алып тастаған.
Осы жабдықтың көмегімен барлық операциялар тегін жүргізілетінін, олар МӘМС есебінен ауыл тұрғындары үшін қолжетімді екенін айта кету керек.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы ауыл медицинасын дамыту мақсатында аудандық ауруханаларды, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, ауылдардағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларды «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында заманауи медициналық құралдармен қамтамасыз етуге тапсырма берген болатын.