Қарттар «Уба» шипажайына алғыс айтты - ШҚО
Шемонаиха ауданын кесіп өтетін Уба өзенінің жағасында Выдриха деген ауыл бар. Сол ауылда «Уба» шипажайы орналасқан. Бұл шипажай Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына қарайды.
Шипажай 250 адамды қабылдай алады. Осылай бір жылда 6000 қарт шипажайда ем алып, демалып қайтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шипажайға жуықта барып қайтқан Мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның құрметті кітапханашысы Рақия Нұралықызы өзімен бірге демалған барлық қарттардың ризашылығын жеткізіп, меркелік күн қарсаңында алғыс айтуды жөн көріпті.
Қазыналы қарттарымыз қай уақытта да қамқорлықта болып, ұрпаққа ризашылық білдірсе, еліміздің болашағы баянды болмақ.