KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

ШҚО-дағы "Уба" шипажайына тегін жолдамамен келуге болады

2.10.2019, 05:52 348

Шемонаиха ауданындағы "Уба" шипажайына тегін жолдамамен келуге болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ауданға жасаған іссапары барысында Выдриха ауылында орналасқан осы сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.

- Біздің шипажайда былтыр тұз және шунгит терапиясы ашылды. Биыл төрт камералы гальваникалық ванна алып келдік. Басқа құрал-жабдықтарды жаңаладық, - деді кешенмен таныстырған шипажай директоры Ержан Мұқатаев.

Оның айтуынша, тұз бөлмесінде 10-20 минуттай отырып, ем қабылдауға болады. Бұл астма, бронх қабынуына мың да бір ем. Ал екінші жаңа бөлменің төбесінен табанына дейін шунгит тасы қаланған. Ауырып-сырқаған адам мұнда кірсе, жағымсыз энергиядан арылып, тез қалпына түседі. Химия қабылдағаннан кейін оганизмді тазалайды.

Айтпақшы, бұл тастың отаны негізінен Кареля жері саналады екен. Десе де еліміздің оңтүстігінде де бар, шипажайға сол жақтан алдырыпты.

Кешенге қазіргі уақытта облыстың барлық ауданынан соғыс, еңбек ардагерлері, батыр аналар, зейнеткерлер және бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер тегін жолдамамен келеді. Шамалап айтқанда, мұнда бір жылда 5 700-5 800-дей адам болады екен. Олардың әрқайсысы 12 күндей ем алып, сергіп қайтады. Бұрын 4-5 процедура алса, қазір саны 7-8-ге дейін көбейген.

Шипажайды аралап шыққан облыс әкімі Семейде дайын шипажайдың да жұмысы тоқтап тұрғанын ескертті. Оны іске қосуды Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына қатаң тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив