Облыс орталығында қарақұмық бағасы арзандады
pixabay.com
Наурыз айының басында қарақұмық бағасы 320 теңгеден (кг-на) 250 теңгеге төмендеді.
«Ертіс» ӘКК» АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды азық-түліктердің бағасын тиімді ете түсуді қарастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Қарақұмық әлеуметтік маңызды болып танылатын азық-түлік. Бағаның қымбаттамауы үшін бұл өнім бойынша «Ертіс» ӘКК «айналымдық тәсілді» қолдануда. «Алтай» көтерме-тарату орталығы ЖШС баға тұрақтандыру бағдарламасының сауда павильондарына қарақұмықты межелі бағадан аспайтын құнмен сатылымға жеткізіп отыр. Аталмыш орталықтың мамандары жүргізген келіссөздер нәтижесінде көктем басталғалы қарақұмық бағасы 20 пайызға арзандатылды, - деп мәлімдеді «Ертіс» ӘКК» АҚ.
Айта кету керек, әлеуметтік маңызды 19 азық-түлік өнімінің 11 түрінің бағасы Өскеменде тұрақты. Сауда орындарының мекенжайлары spkertis.kz ресми сайтында «Баға тұрақтандыру бағдарламасы» бөлімінде жарияланған.
Оқи отырыңыз