KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Өскеменде жұмыртқа бағасы тұрақтанады

Фото: «Ертіс» ӘКК АҚ баспасөз қызметі
Фото: «Ертіс» ӘКК АҚ баспасөз қызметі
8.12.2023, 11:40 188 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік – жұмыртқа бағасы тұрақтанады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Желтоқсан айынан бастап тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде бір жұмыртқа 57 теңгеден сатыла бастады.

«Келісімшарт бойынша бұл жолғы тұрақтандыру мерзімі 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін деп белгіленді. Алайда сұранысқа қарай бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін. Әзірше, белгіленген уақыт аралығына 1 200 000 дана жұмыртқа жеткізіледі», - деп мәлімдеді «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ баспасөз қызметі.

Осы уақытқа дейін тұрақтандыру бағдарламасы аясында 9 түрлі азық-түлік бағасы реттелген еді. Биыл бұл тізімге І категориялық жұмыртқа қосылды:

Тауық жұмыртқасы (І санатты) – 57 тг/д.

Қант - 459 тг/кг

Қарақұмық жармасы — 320 тг/кг

Күнбағыс майы — 630 тг/лт

Макарон — 285 тг/кг

Күріш — 460 тг/кг

Картоп-120 тг/кг

Сәбіз - 120 тг/кг

Пияз-110 тг/кг

Қырыққабат-100 тг/кг

Жалпы тұрақтандыру бағдарламасын іске асыратын 60 сауда орны бар. Соның жиырма төрті – «Ертіс» ӘКК павильондары. Қалғандары меморандум аясында жұмыс жасайтын серіктес-дүкендер. Жұмыртқа тек корпорацияның 24 павильонында сатылатыны айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу