KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да ерекше балаларға арналған лагердің соңғы маусымы өтіп жатыр

30.09.2023, 16:26 191 Ләззат Қанатқызы

Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы "Приморск" демалыс базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жазғы экологиялық-сауықтыру лагерінің қорытынды маусымына арналған шара өтті.
Жеті маусымды қамтыған лагерде жеткіншектер ата-анасымен табиғат аясында сергіп, бой жазуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ата-аналар да балалары үшін дәл осындай форматтағы демалыс ұйымдастырылғанына дән риза. 

- Бізге және балаларымызға керемет табиғат аясында, осындай әдемі жерде демалуға, уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік бергеніңіз үшін шексіз алғас айтқым келеді. Біз үшін мұндай барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Барлығы көңілімізден шығып жатыр. Физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да демалып, күнделікті тіршіліктен бір сергіп қалғанымыз рас, - дейді ерекше баланың анасы Алина Мырзахан.

Жазғы экологиялық-сауықтыру лагері маусымның жабылуына Samruk–Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директоры Альфия Адиева да келіп қатысты.

- Биыл "Самұрық-Қазына" қорының 15 жылдық мерейтойына орай Samruk–Kazyna Trust еліміздің бірнеше өңірінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту кешендерін қаржыландырды. ШҚО-дағы ерекше балалар мен ата-аналарына да  "Антарес-А" қоғамдық қорының бастамасымен осындай көрікті жерде спорттық-сауықтыру лагері ұйымдастырылды, - деп атап өтті Альфия Адиева.

Бұл лагерьдің ерекшелігі - балалармен дефектолог, дене шынықтыру-сауықтыру мұғалімі және музыка жетекшісі секілді мамандар жұмыс істеді. Ата-аналарға да жеке психолог мамандардың қызметі көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив