KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да сенім қызметі жұмыс істейді

Фото: admnvrsk.ru

15.03.2024, 20:00 104 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да балалар, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған сенім қызметі жұмыс істейді.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, өңірде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға тегін шұғыл психологиялық, заңгерлік көмек көрсету бойынша сенім телефоны бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыста өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығының 8 (7232) 26-68-92, 8 -707-907-33-50 нөмірлері бар сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігі күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз және демалыссыз қоңырауларды қабылдайды, оның мақсаты - консультациялық және ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету, халықты әлеуметтік және құқықтық қорғау орталықтарын құру. Байланыс нөмірі: 8-707-662-95-13.

Одан бөлек жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ШҚО ББ - 8 (7232) 700- 800 бірыңғай Call-орталығы қызмет көрсетеді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив