KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 7 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Алтай қаласындағы тау-кен байыту кешені маңында өрт шықты

pixabay.com

17.03.2024, 17:00 119 Назерке Каримова

Тау-кен байыту кешенінің бөлек тұрған екі қабатты цехі аумағында концентраттарды қоюлау және сүзу учаскесінде шатырда өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері цехтегі өртті оқшаулады.

- Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметкерлері келді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. – Тілсіз жаумен күрес жұмыстарына ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.


Өрт сағат 15.48-де толықтай сөндірілді. Өрт ауданы 260 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив