KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

ШҚО-да жер заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылды

шартты сурет: trest14perm.ru

2.04.2024, 11:36 332 Айна Ескенқызы

Күршім ауданының жергілікті атқарушы органдары жер заңнамасының нормаларын сақтамаған. Шенеуніктердің 2023 жылдың мамыр айында шаруа қожалығына астық дақылдарын өсіру үшін жер учаскесін беруден бас тартқаны аудандық прокуратураның тексеруі барысында анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, мамандар фермерге тиісті конкурстық рәсімдерден өтпегендіктен жер бермеген. Алайда, содан бері бір жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан, аудан әкімдігі жер учаскелерін беру бойынша әлі конкурс өткізген жоқ.

Күршім ауданы прокуратурасының ұсынуымен жер заңнамасын бұзудың осы фактісі бойынша ШҚО жер ресурстарын басқару департаменті аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК 137-бабы 1-бөлігінің 16) тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Нәтижесінде бөлім басшысы жауапкершілікке тартылып,  166 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі.

Қазіргі уақытта Күршім ауданының жер қатынастары бөлімі кейіннен тиісті конкурс өткізе отырып, жоғарыда аталған жер учаскелеріне жобалар дайындау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу