Полицияны сервистік модельге көшіру мәселелері талқыланды – ШҚО
Фото: polisia.kz
ШҚО Полиция департаментінде сервистік модельді енгізу жөніндегі топтың жұмыс отырысы өтті деп хабарлайды тілшісі Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасап.
Іс-шараға ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков, жұмыс тобының жетекшісі Гүлжан Оразаева, сондай-ақ басқа да құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар полицияның сервистік моделін енгізу бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларды талқылады.
Жалпы, мобильді топтың сканерлеу, (проблемаларды анықтау және оларға басымдық беру), талдау (проблемаларды зерттеу), ассессмент (әрекет ету шараларының тиімділігін бағалау) және жауап беру (проблемаларды жою бойынша шешімдерді имплементациялау) сынды жұмыстары С.А.Р.А. әдістемесі бойынша жүргізілді.
Негізгі талаптар – жергілікті қоғамдастықтың қажеттіліктеріне бағытталған құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында мәселелер талқыланып, өңірде полицияның сервистік моделін одан әрі табысты енгізуге бағытталған бірлескен іс-қимылдардың алгоритмін әзірлеу туралы шешім қабылданды.