Ақсуатқа апарар жол бүгін ашылады (видео)
Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім-Қалжыр-Ақсуат автожолының тасқын су шайып кеткен учаскесі қалпына келтіріліп жатыр.
Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары бүгін аяқталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жол жұмыстарына «ОблысШығысЖол» ЖШС-нің 12 жұмысшысы және сегіз техника жұмылдырылған.
– Қазір су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Жол өзегіне қосымша үш құбыр орнаттық. Учаске толық қалпына келтірілген соң су құбарлар арқылы ағады және көлік қозғалысына ешқандай қауіп төндірмейтін болады. Жұмысты бүгін аяқтаймыз, – деді «ОблысШығысЖол» мекемесінің өкілі, учаске басшысы Бағлан Ұябаев.
Жол жұмыстарының барысын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов бақылап қайтты.
Оқи отырыңыз