KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.84 595.75 6.47

Жастардың бизнес-жобаларын кәсіпкерлер бағалады – ШҚО

2.05.2024, 16:54 320 Ержан Әбіш

Өскеменде «Мен – кәсіпкермін» облыстық турнирі өтті, бизнес-жобаларды сарапшылар ретінде өңір кәсіпкерлері бағалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараны ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, ШҚО білім басқармасы, Экономика және қаржы колледжі, ҚАЕУ ұйымдастырды.

Конкурсқа 4 аудан мен 3 қаладағы 12 мектептен және 17 колледжден 100-ден астам оқушы қатысты.

Әлеуметтік бастамалар, Green Start up, туризм, агроэкономика, креативті бизнес-идея, IT, сауда ісі сынды 7 бағыт бойынша 79 жоба ұсынылды.

Турнирге қатысушылар мен жеңімпаздар, олардың ғылыми жетекшілері дипломдармен, сертификаттармен және іс-шара демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Келесі кезең – республикалық байқау.

Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу